Санжар Асфендияровтың туғанына 130 жыл

Университет күнін өткізу аясында 2019 жылдың 6 желтоқсанында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі және АИТВ инфекциялары курсымен эпидемиология және қоғамдық денсаулық кафедрасының ұйымдастыруы және жүргізуімен С.Ж. Асфендияровтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Мені таң қалдырған –ТҰЛҒА» атты ғылыми конференция өткізілді.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы-қоғамдық денсаулық мектебінің деканы Қ.Б.Кәрібаев.

Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары–АИТВ инфекциялары курсымен эпидемиология және қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі С.М.Зикриярова.

ҚазҰМУ Корпоративтік даму жөніндегі проректоры профессор У.М.Датхаев пен қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Қ. Б.Кәрібаев құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушылар оқу жылдарымен, еңбек жолының басталуымен, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ мемлекетттік институттың ұйымдастырушысы және бірінші ректоры – Санжар Жапарұлы Асфендияровтың қызметімен танысты.

АИТВ инфекциялары курсымен эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі С.М.Зикриярова «Қазақстандағы педиатриялық қызметтің қалыптасуындағы Санжар Асфендияровтың рөлі туралы» баяндама жасады, онда сирек мұрағаттық құжаттар ұсынылған.

Алғаш рет тыңдаушылар С.Асфендияровтың латын әліпбиін қазақ жазуына енгізуге қосқан үлесі, Денсаулық сақтау халық комиссарының жас республиканың маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелерін шешуге қосқан үлесі туралы материалдармен танысты. Конференция соңында педиатрия мен қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің заманауи мәселелері талқыланды.

Сөз соңында университет тарихы мұражайының жетекшісі доцент А.С.Саятова студенттер мен ұстаздар ұжымына университеттің дәстүрлері мен құндылықтарын сақтауға, елге адал қызмет етуге тілек білдірді.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.