Елбасының «Рухани жаңғыру» идея аясындағы негізгі бағдарламаларының бірі, ол «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасы аясында ұйымдастырылған «100 есім ішіндегі 1 есім» атты кездесуі туралы

2019 жылдың 30 қаңтар күні № 7 корпустың 7 аудиторияда, «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасымен ұйымдастырылған Елбасының «Рухани жаңғыру» идея аясындағы негізгі бағдарламаларының бірі, ол «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасы аясында ұйымдастырылған «100 есім ішіндегі 1 есім» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының 2017 жылғы жеңімпазы, медицина саласының нейрохирургия бөлімшесіндегі докторы Саршаев Марат Аманғалиұлы және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттері шақырылды.

Саршаев Марат Аманғалиұлы – «Денсаулық 2016-2020 жж.» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инсульттің алдын алу және оның көрсеткіштерін төмендету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Медициналық орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде инсультқа қарсы күрес жүргізіп, жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуде.

Бүгінгі күні, жасына қарамастан, Марат Саршаев өздігінен ми тамырларына эндоскопиялық, эндоваскулярлық және микронейрохирургилық операцияларын жүргізеді, бас миы және жұлынның ісіктерін, жұлын паталогиясын жоюмен, спинальдық тригеминальдықтарды белесенді түрде хирургиялық емдеуімен айналысады.

Саршаев Марат Аманғалиұлының жетістіктері туралы ақпарат студенттерге қысқаметражды бейнежазба түрінде ұсынылды.

Кездесу жақсы көңіл күйде өтті.

Марат Аманғалиұлы өзінің өмір жолы, дәрігер болуы және жетістіктері туралы әңгімеледі. Студенттерді барлығы қызықтырды: сәтті және сәтсіз операциялардан кейінгі сезімі, ұзақ уақыт өткізілетін операциларға шыдауға не көмектеседі, дәрігердің операцияға қалай дайындалатыны және әйелі оның күні-түні жұмыста болатынына қалай қарайтыныдығы сияқты қызықты сұрақтар қойды.

Марат Аманғалиұлы сұрақтарға қуана жауап бере отырып студенттерге салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану және де әрқашан мақсат қойып оған жылжу үшін жұмыс істеп, қиындықтардан қорқпауға кеңес берді. Дәрігердің айтуынша жолыңызды тауып, әрекет етсеңіз, сонда бәрі сіздің алға жылжуыңызға көмектеседі.

Сонымен, дәрігер «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мәскеудегі клиникалық тәжірибесін аяқтаған соң, Марат Аманғалиұлы өзінің туған қаласы Таразға оралуға шешім қабылдады. Онда нейрохирургия бөлімінде төтенше қызметі көрсетуде нейрохирургтың жағдайға жедел әрекет ету қабілетін дамытты. Республикамыздың жетекші емханаларында ғана болған инновациялық технологияларды әріптестеріммен өз клиникаларына енгізді. 2015 жылы аурухананың бас дәрігерінің ұсынысы бойынша «Тараз қаласының үздік жас дәрігері» байқауына қатысып, Гран-при жүлдесіне ие болды. 2016 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне дәрігер-нейрохирург маманы болып жұмысқа шақырылды. Бірақ Марат Саршаев білім алуын тоқтатпай, Оңтүстік Корея, Түркия және Францияда болып жатқан түрлі семинарлар мен тәжербиелерге қатысып өз білімін шыңдауда және әрдайым Қазақстан Республикасына өз Отанынның медецинасына инновациялық технологияларды сәтті енгізуде.

«Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасы Марат Аманғалиұлы Саршаевқа өз уақытын бөлгеніне және студенттерге берген кеңестер үшін алғысын білдіреді.

Сондай-ақ қонаққа музыкалық нөмірлер дайындаған және дәрігердің тәжірбиесіне қызығып сұрақ қойған студенттерге алғысын білдіреді.