Тәрбиелік жұмыс

Кафедраның тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы оқу үрдісінде және студенттің жеке басын қалыптастыруда маңызды компонент болып табылады. Білімді арттырумен қатар тәрбие жұмысы білім алушының бойында патриоттық, азаматтық жауапкершілік, адами құндылық және отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамытуға ықпал етеді. Осыған байланысты кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы тәрбие үрдісі мәселелерінде белсенді жұмыс істейді.
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушылары – Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің кураторлары болып табылады, олар білім алушылармен оқу жұмысы барысында да, сабақтан тыс уақытта да үлкен тәрбие жұмысын жүргізеді.
Кураторлар кафедраның оқытушылар құрамымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, топ белсенділері және студенттері арқылы топта қоғамдық және мәдени өмір ұйымдастырады, жоғары білікті және жан-жақты дамыған мамандарды даярлау және олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында тату, ұйымшыл ұжымның қалыптасуына ықпал етеді.
Тәрбие жұмысы оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, тақырыптық пікірсайыстар, әңгімелесулер, Ұлы Отан соғысы, спорт, еңбек ардагерлерімен, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, театрлар мен мұражайларға, балалар үйлеріне, еңбек ардагерлеріне және мәдени – бұқаралық іс-шараларға бірлесіп бару түрінде жүргізіледі, халықаралық және ұлттық мерекелерді мерекелеуге қатысады және т. б.
Кафедраның оқытушылар құрамы білім алушылардың тәрбие жұмысына белсенді қатысады.